Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Жетісу» көш бастап келеді

Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Жетісу» көш бастап келеді

Атырау қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан ХХХІІІ Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Жетісу» клубы көш бастап келеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дүйсенбі күні талдықорғандықтар «Есіл» (СҚО) клубының мысын басты. Марат Адрышевтің шәкірттері 3:0 (25:16, 25:15, 25:16) есебімен жеңіске жетіп, турнир кестесінде 11 ұпаймен көш бастады.

«Жетісу» бірінші турда жеңілмеген жалғыз команда атанып отыр. 

Ел чемпионы «Тараз» «Буревестник» (Алматы) командасын 3:1 (25:20, 25:18, 14:25, 25:19) есебімен ұтып, 10 ұпаймен екінші орынға шықты. «Павлодар» командасы «Атыраудан» 3:0 (25:20, 25:22, 25:23) есебімен айласын асырып, 9 ұпаймен үшінші сатыға жайғасты. Ал алаң иелері қатарынан төрт рет жеңіліп қалды.

Сейсенбі күні «Ақтөбе» - «Буревестник», «Жайық» - «Тараз», «Жетісу» - «Тараз», «Ұшқын-Көкшетау» - «Атырау» командалары өзара шеберлік байқасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или