«Челси» швециялық сұрмергенге көз тікті

«Челси» швециялық сұрмергенге көз тікті

Виктор Дьекерештен кейін тағы бір швециялық шабуылшы ірі клубтардың трансферлік нысанасына айналды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Челси» «Ньюкасл» шабуылшысы Александр Исакқа қызығушылық таныта бастады.

25 жастағы шабуылшы АПЛ-да үздік шабуылшылардың бірі болып саналады және ірі клубтардың назарын өзіне аударып отыр.

«Арсенал» көптен бері Исакты сатып алғысы келген. Журналист Руди Галеттидің мәліметінше, «Челси» жас жұлдыз бойынша жазғы трансфер кезеңінде ұсыныс жасамақ.

«Ньюкасл» келіссөзге дайын, бірақ шабуылшының орнына жақсы ойыншы алу үшін 115 миллион фунт стерлингтен басталатын ұсыныстарды қарастырады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или