Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды

Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы топ жарды

Дзюдодан жасөспірімдер арасында Грекияда өткен Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Жарыста қазақстандық жасөспірімдер 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық сайыста медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді.

Атап айтқанда, Гүлхан Шыңғысхан (-48 келі) мен Расул Мұқым (-81 келі) алтыннан алқа тақса, Әсел Русланова (-48 келі), Даниял Сейілхан (-50 келі) және Алтынбек Қонысбай (-60 келі) күмісті олжалады. Ал Нұрдос Досберген (-60 келі), Марғұлан Игілік (-60 келі) және Әділжан Жаудинов (+90 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Еуропа чемпионатына 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Источник: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или