Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жектен бас тартқан боксшы WBO ұйымының рейтингінен шықты
Британиялық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) WBO ұйымның рейтингінен шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz
Бұл шешім Шираздың промоутері Фрэнк Уорреннің WBO тағайындаған Жәнібек Әлімханұлына (16-0, 11 КО) қарсы жекпе-жек өткізуге арналған саудадан бас тартқаннан кейін қабылданды.
Енді британдық спортшының келесі қарсыласы WBC нұсқасы бойынша чемпион Карлос Адамес (24-1, 18 КО) болуы мүмкін. Осылайша, Хамза WBO ұйымындағы үміткерлік орнын ғана емес, сонымен қатар топ-15-тен де айырылып қалды.
Жаңартылған рейтингте бірінші орынды оның жерлесі Дензел Бентли (20-3-1, 17 КО) иеленді. Ол 7 желтоқсанда Лондонда рейтингтің екінші орнын еншілеген тағы бір британдық Брэд Полспен (19-1-1, 11 КО) жекпе-жекке шығады. Жекпе-жек жеңімпазы Жәнібекке міндетті үміткер атануы мүмкін.