Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа кубогында озық шықты
Грекияда дзюдодан жасөспірімдер арасында мәресіне жеткен Еуропа кубогында Қазақстан құрамасы топ жарды.
Қазақстан дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдеге ие болып, жалпыкомандалық есепте медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді.
Атап айтқанда, Гүлхан Шыңғысхан (-48 кг) мен Расул Мұқым (-81 кг) алтыннан алқа тақса, Әсел Русланова (-48 кг), Даниял Сейілхан (-50 кг) және Алтынбек Қонысбай (-60 кг) күмісті олжалады. Ал Нұрдос Досберген (-60 кг), Марғұлан Игілік (-60 кг), Әділжан Жаудинов (+90 кг) үздік үштікке ілікті.
Аталмыш додаға 29 елден 300-ге жуық жас татами шебері қатысып, бақ сынады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или