Самородовтың тамаша голы «Ахматтың» жеңісіне жеткіліксіз болды
Самарада (Ресей) Ресей Премьер-лигасының 16-шы турының матчы өтіп, Самараның «Крылья Советов» өз алаңында Грозныйдың «Ахматын» қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу 2:1 есебімен аяқталды. 43-минутта «Ахматтың» қазақстандық шабуылшысы Максим Самородов үш ойыншыны алдап өтіп, тамаша гол соқты.
Крылья Советов 49-минутта Доминик Ороздың соққысының арқасында есепті теңестірді. 68-минутта Самородовтың арқасында «Ахмат» пенальти орындау құқығына ие болды, бірақ Даниил Уткин он бір метрден қақпашыдан айла асыра алмады. 88-минутта Игорь Дмитриев самаралықтарға жеңіс сыйлады.
Ахмат РПЛ турнирлік кестесінде тоғыз ұпаймен 15-ші орында. Крылья Советов 15 ұпаймен оныншы орында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или