«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Авангардпен» келісімшартты бұзды
«Авангард» клубының баспасөз қызметі қорғаушы Даррен Дицпен келісімшартты бұзғаны туралы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.
31 жастағы ойыншымен келісімшарт екі жақтың келісімімен бұзылды.
Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Омбы клубына осы жазда ЦСКА-дан ауысты. Осы маусымда хоккейші 18 кездесу өткізіп, 4 (1+3) ұпай жинады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или