OCTAGON 66 турнирінде қазақстандық жауынгер қарсыласын 16 секундта нокаутқа жіберді

OCTAGON 66 турнирінде қазақстандық жауынгер қарсыласын 16 секундта нокаутқа жіберді

Алматыда басталған Еуразиялық жекпе-жек лигасының OCTAGON 66 нөмірлі турнирінде кештің бірінші жеңімпазы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Ең жеңіл салмақ дәрежесінде қазақстандық жауынгерлер 22 жастағы Эльдар Байтоғұл (1-0) және 20 жастағы Бинали Ульфанов (2-0) кездесті.

Кездесудің алғашқы секундтарында Ульфанов қарапайым комбинациямен қарсыласын корпусқа ұрып, сол жақ соққымен нокаутқа жіберді. 20 жастағы файтердің керемет жеңісі.


Айта кетейік, танымал блогер және шоумен Ақтөре Батырбек (7-1) пен қырғыз Ыысбек Тіленов (5-1) жекпе-жегі өтеді.

Турнирдің басты жекпе-жегінде 22 қарашада Қазақстанның жартылай орта салмақтағы ұйым чемпионы Георгий Кичигин (30-10) ресейлік Хамзат Чапановқа (14-3) қарсы титулды қорғайды.
Источник: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или