Астанада қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы басталды
Астанадағы Ж.Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында ерлер мен әйелдер арасындағы қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогының финалы басталды.
Байрақты бәсекеге Испания, Швейцария, Марокко, Үндістан, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия, Беларусь, Египет, Румыния, Тунис, Германия, Қытай, Таиланд, Қазақстан сынды 20 елден 300-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Жарысқа қатысушылар арасында әлем, Еуропа, Азия чемпиондары, әлем кубогының иегерлері және халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері бар.
Әлем кубогын ұйымдастырушылар — Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Армия орталық спорт клубы мен еліміздегі Қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы.
Спортшылар «Сайыс», «Өзін-өзі қорғау» және «Өзін-өзі қорғау 1+1» пәндерінде 10 салмақта өнер көрсетеді.
Источник: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или