Қостанайлық «Тобыл» Павел Забелинге қарыз болып шықты

Қостанайлық «Тобыл» Павел Забелинге қарыз болып шықты

Қостанайлық «Тобыл» Павел Забелинге 99 234 831 теңге айыппұл төлеуі қажет, деп хабарлайды Prosports.kz 

Лозаннадағы спорттық төрелік соты осылай шешкен. Беларусь ойыншысының қостанайлық ұжыммен 1,5 жылдық келісім-шарты бар еді. Алайда, «Тобыл» біржақты келісімді бұзғаны үшін футболшы ФИФА-ға шағым түсірген. 

Сот үкімі бойынша «Тобыл» футбол клубы Беларусь ойыншысына 66 112 606 теңге төлеуге міндеттеген. Алайда, қостанайлық ұжым бұл шешіммен келіспей, апелляцияға берген. Егер жеңілген жағдайда, Павел Забелин «Тобылдан» 99 234 831 теңге өндіріп алуға құқылы.

Источник: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или