Рафаэль Надаль теннисші ретінде мансабын аяқтады

Рафаэль Надаль теннисші ретінде мансабын аяқтады


Атақты испаниялық теннисші, «Үлкен дулыға» турнирінің 22 дүркін чемпионы Рафаэль Надаль спорттық мансабын аяқтады.

Теннисші Дэвис кубогының ширек финалында Испания – Нидерланд матчында нидерландылық Ботик ван де Зандсхулпқа 4:6, 4:6 есебімен есе жіберді.

Аталған матчта Нидерланд құрамасы Испанияны ұтып, жартылай финалға жолдама алды.

«Істің осы сәтке дейін жеткені ешкімге ұнамайды. Мен теннис ойнаудан шаршадым. Денем бұдан былай теннис ойнағысы келмейді. Титулдар, цифрлар – бәрі бар. Бірақ мен Мальоркадағы шағын деревнядан шығып, өзінің арманына ұмтылып, қазіргідей сәтке жету үшін көп еңбектенген қарапайым адам ретінде есте қалуды құп көремін», деді Надаль кортта берген сұхбатында.

Бұдан бұрын Рафаэль Надаль 10 қазан күні Дэвис кубогының финалдық кезеңінде өзінің кәсіби жолындағы соңғы ойынын өткізетінін мәлімдеген болатын.

Источник: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или