Grand Prix: Астанада пара дзюдодан халықаралық жарыс өтеді

Grand Prix: Астанада пара дзюдодан халықаралық жарыс өтеді

Елордадағы Beeline Arena спорт кешенінде 23-24 қараша күндері пара дзюдодан Grand Prix жарысы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.

Қазақстан ұлттық құрамасының пара дзюдошылары Париж Паралимпиадасында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, 1 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлде жеңіп алған. Енді санаулы айдан кейін қазақстандық спортшылар жанкүйерлерінің алдында шеберліктерін көрсетпек.

Турнир барысында 10 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады. Жарыстың басты ерекшелігі – жаңа Олимпиада цикліне байланысты салмақ дәрежелерінің өзгеруі. Ерлер енді 70, 81, 95 және +95 келіде, ал әйелдер 52, 60, 70 және +70 келіде жүлде үшін күреседі.

Сонымен қатар Халықаралық дзюдо федерациясы тәжірибе ретінде Олимпиада бағдарламасына кірмейтін екі салмақта (ерлер – 64 келі, әйелдер – 46 келі) жүлделер үлестірмек.

Айтулы додаға 15 мемлекеттен 100-ге жуық спортшы қатысады. Қазақстан намысын Астана қаласының үш параспортшысы J1 санатында қорғайтын болады.

Олар:

Асылан Нұрдаулетов (73 кг);

Бауыржан Арыстанбеков (90 кг);

Ерболат Бекентаев (90 кг).

Жарыстың ашылу салтанаты 23 қараша күні Beeline Arena спорт кешенінде сағат 15:00-де өтеді. Ал жарыстар күн сайын сағат 10:00-де басталады.

Источник: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или