Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлына қатысты сұраққа жауап берді

Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлына қатысты сұраққа жауап берді

Карлос Адамес Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Ширазға қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Доминикандық боксшы Карлос Адамес (24-1, 18 КО) шетелдік БАҚ-та британдық Хамза Ширазбен (21-0, 17 КО) жекпе-жегі туралы шыққан ақпаратқа түсініктеме берді.

«Мен қазір ғана өз командаммен сөйлестім, әзірге расталған жекпе-жек жоқ. Көп адамдар менен келесі жекпе-жегім туралы сұрап жатыр, мен бұрын айтқанымдай, біз Жәнібекке ұсыныс жібердік, бірақ ол жауап бермеді. Әзірге ештеңе ресми емес, қандай да бір ақпарат алсам, ең алдымен сіздерге хабарлайтын боламын», – деп жазды Адамес Х желісінде.

Айта кетейік, британиялық боксшы Хамза Шираз (21-0, 17 КО) Жәнібек Әлімханұлымен (16-0, 11 КО) кездесуден бас тартты.

WBO-ның жаңа президенті Густаво Оливьеридің айтуынша, Шираздың командасы промоутерлік саудаға қатысудан бас тартқан. WBO енді басқа үміткерді тағайындайды.

Бұған дейін Шираздың промоутері Фрэнк Уоррен Шираздың 22 ақпанда Эр-Риядтағы бокс кешінде чемпиондық айқас өткізетінін айтқан. Соған қарағанда, ол Эрисланди Ларамен (WBA) немесе Карлос Адамеспен (WBC) кездесетін секілді.

Қазақстандық футболшы әйгілі футбол клубына ауысуы мүмкін

Источник: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или