«Авангард» «Барыстың» бұрынғы шабуылшысымен келісімшартқа отырды
«Авангард» канадалық шабуылшы Майкл Маклаудпен маусымның соңына дейін келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
26 жастағы шабуылшы биыл тұрақты ҚХЛ чемпионатын «Барыста» бастады, ол үшін 16 кездесу өткізіп, 6 (3+3) ұпай жинады.
ҰХЛ-да Маклауд «Нью-Джерси Девилзде» ойнады, онда ол 299 ойында 31 шайба соғып, 60 нәтижелі пас берді. 2018 жылы Канада құрамасының құрамында жастар арасындағы әлем чемпионатында алтынға қол жеткізді.
«Авангардтта» Маклауд 9-нөмірді киеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или