Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының матчтары туралы пікір білдірді
Қуат Хамитов Қазақстанның Ұлттар Лигасындағы нәтижелеріне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz
Аралас жекпе-жекте бақ сынайтын отандасымыз жалпы осыған дейін де қазақстандық футболды сынауымен танылып қалған болатын. Кешегі Норвегияға қарсы кездесуден кейін де шет қалмапты (5:0).
«Акулалар жүзіп жүрген суда шағын балықтарға ештеңе жоқ», - деді аралас жекпе-жек шебері.
Сондай-ақ «Найман» матчтың нәтижесі жазылған жазбаға қатысты былай деп пікір білдірген:
«Халықтың ақшасын жұмсауға мүмкіндік бере берсек, олар ешқашан жеңіске жетпейді».
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы өзінің тобында Аустрия, Норвегия мен Словениядан кейін төртінші орын алды. Станислав Черчесовтың командасы алты турда қарсылас қақпасына бірде-бір гол сала алмай, антирекорд орнатты.
Ресейлік маман ұлттық құрамаға бас бапкер болып осы жазда тағайындалды. Енді біздің футболшылар келесі маусымда Ұлттар Лигасының С дивизионында өнер көрсетпек.