Қазақстандық конькиші әлем чемпионатында топ жарды
Жапонияның Хатинохе қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден 4 құрлық чемпионатының шешуші жарыс күні Ұлттық құрама қоржынына алтын медаль түсті.
Ерлер арасындағы масс-стартта отандасымыз Виталий Щиголев мәреге бірінші жетіп, жеңімпаз атанды.
Ұлттық құрама спортшысы мәреге санаулы сəттер қалғанда екі канадалық Давид ла Рун мен Хайден Майерден озып кетті. Бұл Қазақстан құрамасының Жапониядағы жарыстағы үшінші жүлдесі.
Еске сала кетейік, Виталий 2022 жылы Канаданың Квебек қаласында өткен 4 құрлық чемпионатында 5000 метрге жарыста жеңіске жеткен.
Жалпы 4 құрлық чемпионаты деген Еуропадан басқа құрлықтағы мемлекеттің спортшылары сынға түсетін жыл сайынғы жарыс.
Источник: kazsports.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или