ХОК Милан мен Кортинада қалаларында өтетін 2026 жылғы Олимпиада ойындарының пиктограммаларын таныстырды
Безендірілген пиктограммалар Олимпиада және Паралимпиада жарыстарында әрбір спорт түрі мен дисциплинасының бейнесін көрсетеді.
“Ойындар қарсаңында 16 олимпиадалық және 6 паралимпиадалық спорт түрінің пиктограммалары әзірленді. Спортшылардың қозғалысы мен шеберлігінен шабыт алған Милан мен Кортина-2026 пиктограммалары адамның қимыл-қозғалысының ең таза пішінін көрсету үшін жасалды. Олар талғампаздықты, айқындық пен динамиканы үйлестіретін символдармен ерекшеленеді,”- делінген Милан-Кортина-2026 ұйымдастыру комитетінің хабарламасында.
Еске сала кетейік, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары Милан-Кортинада 6-22 ақпан аралығында өтеді. Ал қысқы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығына жоспарланған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или