Станислав Черчесов: Мен ешкімді бөліп-жармаймын

Станислав Черчесов: Мен ешкімді бөліп-жармаймын

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ұлттар лигасы аясында Аустрияға қарсы өткен матчты қорытындылады.

Алматыдағы Орталық стадионда өткен ойын 0:2 есебімен Аустрия құрамасының пайдасына шешілген еді. Матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында бас бапкер Станислав Черчесов ойынды қорытындылай келе, футболшылардың атын атап баға бермеуді жөн көрді.

- Менен біреулер нақты футболшылар туралы сұрай бастағанда... Біз бәріміз тірі адамбыз, cезімге бой алдырамыз. Бірақ бұл жағдайда мен олай жасай алмаймын. Демек, бапкерге адам ретінде емес, функция ретінде қарау керек. Мен ешкімді бөліп-жармаймын. Ұлттық құрамада ешкімді жақсы көрмеймін және мені де жақсы көрмеуін сұраймын. Мұнда да, киім ауыстыратын бөлмеде де.

Талап бар, біз оны орындаймыз. Мен сынамаймын, бірақ талап қоямын. Ал бізге ол талапты қазіргі футбол қояды. Мен соның орындалуын қадағалаймын. Ал дәл бүгін сол талапты қарсыласымыз қоя білді. Менің міндетім – кім қалай қабылдайтынын, кім үйренуге құштар, кімнің сынға дайын екенін және т.б. түсіну. Бізде "жақсы көремін – жақсы көрмеймін" деген жоқ. Ешкімді бөлмеймін, - деді Черчесов. 

Источник: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или