Алмас Құлшынбаев құраманың Ұлттар Лигасындағы мүмкіндіктері жайлы айтты

Алмас Құлшынбаев құраманың Ұлттар Лигасындағы мүмкіндіктері жайлы айтты

Қазақстандық маман Алмас Құлшынбаев құраманың Ұлттар Лигасындағы жағдайына баға беріп, мүмкіндіктері жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz 

«Қазақстанға ақырындап құрамын жаңарту керек. Қазір осымен Станислав Черчесов айналысуда. Жаңа футболшыларды алып, оларды мықты қарсыластарға қарсы кездесулерде тексеріп көру керек. Ұлттар Лигасы – әлем біріншілігіне дайындық кезеңі саналады. Сондықтан, жаңа ойын жүйелерін сынап, қорғаныс пен шабуылдағы қимыл-қозғалысты шыңдап көру қажет. Мүмкін, қосалқы құрамды шығарып көру керек шығар. Өйткені, Қазақстанның бұл топта қазірдің өзінде бұдан басқа мүмкіндіктері қалған жоқ», - деді Алмас Құлшынбаев.

Бүгін ұлттық команда Аустрияны қабылдайды. Ұлттар Лигасының бесінші туры аясындағы матч Алматыда өтеді. Кездесу 19:50-де басталады. Қазақстан құрамасы қарашаның 17-де Норвегияға барады. Әзірге біздің команда бес турдан кейін 1 ұпаймен соңғы орында тұр.

Источник: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или