Триатлон спортынан Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясында өткен Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Триатлон спортынан Қазақстан құрамасы Сауд Арабиясында өткен Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Әл-Джубайлде (Сауд Арабиясы) триатлоннан 23 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатын үш медальмен аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

DRS баспасөз қызметінің хабарлауынша, аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасы мәре сызығына 1 сағат 13 минут 10 секундта жетіп, күміс жүлдеге қол жеткізді. Еліміздің атынан Егор Крупяков, Милена Саприна, Александр Тен және Диана Ержанова қатысты. «Алтын» гонконгтық триатлоншыларға бұйырды.

Чемпионаттың бірінші күнінде ерлер арасында Александр Тен күміс, Егор Крупяков қола жүлде жеңіп алды.

Биылғы жарысқа 21 елден 128 спортшы (84 ер, 44 әйел) қатысты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или