Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты

Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алғаш рет ширек финалға шықты

Түркияның Анталия қаласында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының финалдық кезеңінде плей-офф сатысына шыққан алғашқы командалар анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Командалық әлем чемпионатының топтық бәсекесінде Қазақстан құрамасы Гонконгты тізе бүктірді. 

Қазақстандық жасөспірімдер Гонконгпен Шымкентте мамыр айында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінің жартылай финалында кездесіп, 2:1 есебімен ұтқан еді.

Бұл жолы матчты Дамир Жалғасбай (№ 198 ITF Juniors) мен Николас Чэн (№ 298 ITF Juniors) бастады. Бірінші сет Дамирдің еншісінде кетті – 6:2. Екіншісінде Гонконг өкілі басым болды – 6:4. Шешуші партияда қазақстандық теннисші жеңісті жұлып алды – 6:3.

Осылайша, Д.Жалғасбай үш сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты бәсекеде мамыр айындағы іріктеуде Чэнге кеткен есені қайтарды.

Екінші ойында Заңғар Нұрланұлы (№ 77 ITF Juniors) Джек Чэнді (№ 205 ITF Juniors) қапы қалдырды. Бірінші сет 6:3 есебімен Заңғардың пайдасына шешілсе, екіншісінде ол қарсыласына мүлдем дес берген жоқ – 6:3.

Сөйтіп, жұптық бәсекенің нәтижесіне қарамастан, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тарихында алғаш рет Juniors Davis Cup жарысының ширек финалына мерзімінен бұрын жолдама алды.

Ертең, 13 қараша күні В тобында Қазақстан Франциямен ойнайды. Франциялықтар да Оңтүстік Африка Республикасы теннисшілерін жеңгендіктен, ширек финалға өтіп отыр. Тек Қазақстан – Франция матчында қай құраманың В тобынан бірінші және екінші орынмен шығатыны шешіледі.

Источник: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или