Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Қарағанды» қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді

Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Қарағанды» қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді

Волейболдан Қазақстан чемпионатында «Қарағанды» қатарынан бесінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz

Волейболдан әйелдердің ұлттық лига командалары арасында Өскемен қаласында өтіп жатқан XXXIII Қазақстан чемпионатының бірінші турында «Қарағанды» клубы жекедара көш бастап келеді.

Осыған дейін төрт кездесуінде жеңіске жеткен Нұрлан Садықовтың шәкірттері сейсенбі күні Оралдың «Грация KZ» командасын сынап көрді. 

Ұлттық лигаға биыл ғана қосылған оралдық клубтың басқалардан бір ерекшелігі, әкесі Көлеңке мен анасы Нұрсұлудың ісін жалғастырып келе жатқан бас бапкер Айна Ғұбашева негізінен команданың өз түлектеріне сенім артуда. Бұл жолы да, мысалы, Күнбөбек Саясатова, Дана Сайлыбекова, Карина Төлегенова, Виолетта Филиппова сынды жас волейболшылар алаңға шықты.

Бірінші партияда батысқазақстандықтар 5:1 есебімен алға кетіп, қарағандылықтарды састырғандай болды. Дегенмен құрамында Екатерина Жданова, Наталья Журба, Эленора Кушнерова, Наталья Хазова секілді тәжірибелі ойыншылары жеткілікті «Қарағанды» командасы тез ес жиып, үш сетте жеңіске жетті – 3:0 (25:18, 25:15, 25:20).

Осылайша, қарағандылықтар 15 ұпаймен турнир кестесінде көш басында келе жатса,

«Жетісу» (13 ұпай) әзірге екінші орында тұр. Талдықорғандықтар бүгін 3:0 есебімен (25:16, 25:18, 25:13) «Ақтөбені» тізе бүктірді. Өскеменнің «Берелі» қоржынында ешқандай ұпайы жоқ Павлодардың «Ертісін» ұтқан жағдайда 14 ұпаймен екінші сатыға көтеріледі.

Қарағандылықтар сәрсенбі күні «Жетісу», 14 қарашада «Қуанышпен» (СҚО) ойнайды. Н.Садықов шәкірттерінің шеберлігі қаншалықты екендігі алдағы осы екі матчта белгілі болады.

Источник: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или