Қазақстандық нокаутшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық нокаутшының келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов келесі жылдың басында шаршы алаңға оралады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық келесі жекпе-жегін 25 қаңтарда Американың Коммерс қаласында (Калифорния) өткізеді. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған және супер орта салмақта өтеді. Қарсыластың есімі әзірге белгісіз.

Ахмедовтың кәсіпқой рингте 22 жеңісі (16-сы нокаутпен) және бір жеңілісі бар. Қазақстандық боксшы кейінгі жекпе-жегін биылғы жылдың қыркүйек айында Дублинде (Ирландия) франциялық Пьер Дидомбеге (22-2-1, 12КО) қарсы өткізді. Он раундтың қорытындысы бойынша Әли Ахмедов жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или