Спорт мектептерін біліксіз басшылар басқарған

Спорт мектептерін біліксіз басшылар басқарған

Түркістан облысында спорт мектептерін біліксіз басшылар басқарған, деп хабарлайды Prosports.kz 

Спорт мектебі басшыларының біліктілігі арнайы талаптарға сай келмейді. Туризм және спорт министрлігі жанынан құрылған жұмыс тобының отырысында біраз олқылық анықталған. 

Бұл туралы белгілі спорт сарапшысы, журналист Аслан Қаженов өзінің Instagram парақшасында жазды.

Сала мамандары еліміздің барлық аймағына арнайы барып, 5 бағыт бойынша сараптама жүргізді.

«Мәселен, Түркістан облысында 62 спорт мектебі болса, оның 12-сінде басшысының біліктілігі арнайы талаптарға сай емес. Басқа аймақтарда да осыған ұқсас жағдайлар кездеседі. Бұған қоса біраз жерде аға жаттықтырушылар спорт басқармасының келісімінсіз тағайындалған. Бір спортшыны екі спорттық мекемеге тіркеп, қосымша төлемдер алып жүрген деректер де бар. Бұның барлығы саланың дамуына кәдімгідей нұқсан келтіріп жатыр», - делінген жұмыс тобының ақпаратында.

Источник: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или