Елена Рыбакина жылдың қорытынды турнирінде әлемнің 1-ракеткасын жеңді

Елена Рыбакина жылдың қорытынды турнирінде әлемнің 1-ракеткасын жеңді

Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина рейтингіде көш басында тұрған Беларусь өкілі Арина Соболенконы ұтты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл Е.Рыбакинаның өз тобындағы соңғы матчы еді. Осыған дейін екі рет жеңілген қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу мүмкіндігінен айырылса да, әлемнің 1-ракеткасымен ойында үздік өнер көрсете білді.

Бірінші партияда Е.Рыбакина 6:4 есебімен басым түссе, екіншісінде А.Соболенко есе қайырды – 6:3.

Үшінші, шешуші сетте Елена айқын басымдылық танытты – 6:1.

Бір сағат 41 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 6 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін мүлтіксіз пайдаланды. Соболенко 4 эйс, 3 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Күлгін топтан А.Соболенко мен қытайлық, әлемнің 7-ракеткасы Чжэн Циньвэнь жартылай финалға жолдама алды. Қытайлық теннисші соңғы ойынында әлемнің 4-ракеткасы, италиялық Жасмин Паолиниді қапы қалдырды – 6:1, 6:1.

Е.Рыбакина өткен жылы WTA қорытынды турниріне алғаш рет қатысып, онда да грекиялық Мария Саккариді жеңгенімен, қалған екі теннисшіден ұтылып қалған еді.

А.Соболенко биыл спорттық жолында алғаш рет жылды бірінші ракетка ретінде қорытындылайды.

Источник: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или