Бибісара Асаубаев ФИДЕ Гран-при турниріндегі алғашқы жеңілісіне ұшырады
Шымкентте әйелдер арасындағы FIDE Гран-приінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Турнирдің 6-туры аясында қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева жеңіліс тапты.
4 қарашада Гран-при турниріне қатысып жатқан он шахматшы демалыс алған болатын. Ал кеше, 5 қарашада турнирдің 6-туры аясында Бибісара Асаубаева атақты ресейлік шахматшы Екатерина Лагнодан жеңіліс тапты.
Бұл жеңіліс Бибісара Асаубаеваны көшбасшылар тізімінен шығарып, оны 3,5 ұпаймен 4-орынға сырғытты. Қазақстандық шахматшы енді қалған 3 турда бақ сынайды.
Источник: kaz.nur.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или