«Астана» Кипрге тағы қосалқы құраммен аттанды

«Астана» Кипрге тағы қосалқы құраммен аттанды

«Астана» футбол клубы Конференциялар Лигасының негізгі кезеңінің үшінші турын өткізу үшін Кипрге аттанды, деп хабарлайды Prosports.kz

«Пафос» - «Астана» кездесуі қарашаның жетісіне жоспарланған. Матч біздің уақытпен 22:45-те басталады. Елордалықтардың негізгі құрамы Алматыда қалып, сырт алаңдағы ойынға негізінен қосалқы құрамның футболшылары аттанды. 

Григорий Бабаян негізгі құрам ойыншыларын ҚПЛ-дің қортынды турындағы «Жетісуға» қарсы матчқа дайындап отырған көрінеді. Бұл бәсеке 10-қарашаға жоспарланған. 

Айта кетейік, елордалық команда Конференциялар Лигасының негізгі кезеңіндегі екінші туры аясында сырт алаңда Уэльстің «Нью-Сейнтсымен» шеберлік байқасып, ұтылған еді (2:0). Ол ойынға да «Астана» қосалқы құрамының футболшыларын шығарған болатын.

Источник: Aladop.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или