«Макларен» шабандозы Бразилия Гран-приінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетті
«Макларен» шабандозы Ландо Норрис «Интерлагос» трассасында өткен Формула-1 Бразилия Гран-приіне іріктеу кезеңінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Екінші орын «Мерседес» шабандозы Джордж Расселге бұйырса, үшінші орын Юки Цунодаға (РБ) бұйырды.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты сенбіден кейінге қалдырылған сессия Франко Колапинто, Александр Альбон (екеуі де «Уильямс»), Карлос Сайнс («Феррари»), Лэнс Стролл және Фернандо Алонсо (екеуі де «Астон Мартин») апаттарына байланысты бірнеше рет үзілді.
«Ред Булл» командасынан Чемпионат көшбасшысы Макс Ферстаппен үшінші сегментке жете алмай, 12-орынға ие болды.
Айта кетейік, Бразилия Гран-при жарысы жексенбі күні кешке өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или