Qatar Open жарысында қазақстандықтар тағы 8 алтын медаль алды

Qatar Open жарысында қазақстандықтар тағы 8 алтын медаль алды


Қатар астанасы Дохада таеквондодан халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Қазақстан ересектер құрамасы шешуші күні атап айтарлық нәтиже көрсетіп, бірнеше медаль жеңіп алды. Олар:

Алтын алғандар – Мария Севостьянова, Нұрай Бауыржанова, Нұрай Құсайынова, Назым Махмұтова, Тамерлан Тілеулес, Нұрбек Ғазез, Бекарыс Бекенов, Абдурахман Марипов;

Күміс – Азиза Қаражанова, Батырхан Төлеуғали, Әнуап Мұхамедкәрімов, Надира Ахмедова;

Қола медаль – Ясмина Нарбаева, Аяжан Сапархан, Айша Әділбекқызы, Ерболат Хасан, Нұрлан Мырзабаев, Айдана Құмартаева, Елдос Ысқақ.

Нәтижесінде үшінші күн қатарынан қазақ спортышлар жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді. Айта кетейік, осыған дейін еліміздің кадеттер командасы 5 алтын, 8 күміс, 6 қола медаль алған.

Источник: kazsports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или