Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек әкімдік берген пәтердің кілтін әлі алмағанын айтты

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек әкімдік берген пәтердің кілтін әлі алмағанын айтты

Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы, дзюдошы Ақмарал Науатбек «Жетінші арнаның» «Late Night Show» бағдарламасына берген сұқбатында өзіне табысталған сыйлықтар туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Қыркүйекте Астана әкімі дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанған Ақмарал Науатбекке 3 бөлмелі пәтердің сертификаты мен 30 миллион теңге ақшалай сыйақы табыстаған. Спортшының айтуынша, пәтердің кілті әлі берілмеген.

«Пәтердің кілтін әлі алмадым. Қандай тұрғын үй кешенінен берілетіні де белгісіз. Биыл беріледі деп үміттенемін», - деді Ақмарал Науатбек.

Пәтерден бөлек спортшыға 30 млн теңге берілген. Спортшы ол ақшаның есепшотына түскенін жеткізді. Одан кейін мемлекеттен берілуі тиіс 250 мың доллар туралы сөз қозғады.

«Жақын арада аламыз деп ойлаймын. Олимпиада мен Паралимпиада жүлдегерлеріне бұл сыйақы бір уақытта берілетін шығар», - деді Ақмарал Науатбек.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында сынға түсіп, финалда франциялық спортшы Сандрин Мартинетті 10:0 есебімен жеңген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или