Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды

Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды


Әлемнің 26-ракеткасы Карен Хачанов Almaty Open чемпионы атанды. Ол финалда әлемнің 118-ракеткасы, канадалық теннисші Габриэль Диалломен кездесті.

Ресейлік теннисші қарсыласын үш сетте 6:2, 5:7, 6:3 есебімен жеңді.

Карен Хачанов матч кезінде алты эйс жасап, бір қос қателік жіберді және 19 брейк-пойнттың алтауын сәтті пайдаланды.

Ал канадалық Габриэль Диалло жеті эйс пен алты брейк-пойнттың үшеуін өз есебіне жазды.
Источник: Zakon.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или