Үстел теннисінен Азия чемпионаты: Қазақстан ерлер құрамасы үздік сегіздікке шығу үшін күш сынасады
Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды, Қазақстан ерлер құрамасы финалдық сегіздікке шығу үшін ойнайды.
Қазақстандық спортшылар кіші топта екі жеңіске жетті.
Алғашқы ойында КХДР құрамасымен күш сынасты, оның құрамында Парижде өткен жазғы Олимпиада ойындарының аралас жұп бойынша күміс жүлдегері Ри Чон Сик бар.
Кирилл Герасименко екі ұпай жинаса, шешуші кездесуде Алан Құрманғалиев жеңіске жетті.
Қазақстан — КХДР 3:2
Кирилл Герасименко — Хэм Ю Сон 3:2
Алан Құрманғалиев — РИ Чон Сик 2:3
Айдос Кенжигулов — Ким Сон Иль 1:3
Кирилл Герасименко — РИ Чон Сик 3:0
Алан Кұрманғалиев — Хэм Ю Сон 3:2.
Сонымен қатап Қазақстан Пәкістанды 3:0 есебімен ұтты.
Финалдық сегіздікке өту үшін бүгін, 8 қазанда Қазақстан Таиланд-Сауд Арабиясы кездесуінің жеңімпазымен ойнайды.
Әйелдер:
Қазақстан — ҚХДР 0:3
Қазақстан — Моңғолия 3:1.
8 қазанда 11-14-орындар үшін матчтар өтеді.
Қазақстан — Өзбекстан
Малайзия — Иран.