Үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды

Бүгін, 7 қазанда, Астанада үстел теннисінен Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz 


Турнирдің ашылу салтанаты бүгін 17:50-де басталып, Мирас Жүгінісов, Abyroy тобы сияқты эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. 

Дүбірлі додаға 26 елден 210 спортшы қатысады. 

Чемпионатта отандық команда құрамында келесі спортшылар қатысады: 

- Кирилл Герасименко

- Алан Құрманғалиев

- Искандер Харки

- Айдос Кенжеғұлов

- Санжар Жұбанов

- Сарвиноз Миркадирова

- Зауреш Акашева

- Анастасия Лаврова

- Анель Бақыт

- Ангелина Романовская


Жүлделер ерлер және әйелдер арасындағы жекелей сын, командалық, сонымен бірге жұптық және аралас сындар бойынша таласқа салынбақ. 

Жарыс BEELINE ARENA Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр. Көрермендер үшін кіру тегін. Чемпионатты тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді. 

Жарыстар күнделікті таңғы сағат 10:00-де басталады. Чемпионат 13 қазан күні аяқталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или