Португалия – Қазақстан. Кака шәкірттері есе қайтара ала ма?

Португалия – Қазақстан. Кака шәкірттері есе қайтара ала ма?

Бейсенбі, 26 қыркүйек күні Өзбекстанда өтіп жатқан футзалдан әлем чемпионатының 1/8 финалы аясында Португалия мен Қазақстан құрамасы кездеседі.

Португалия құрамасы әлем футзалындағы ең үздік ұжымдардың бірі. Қазіргі әлем чемпионы, алдыңғы екі Еуропа чемпионатының жеңімпазы. Осы титулдардың өзі құраманың деңгейін көрсетіп тұр. Кез келген турнирдің финалына дейін ешкім олармен кездескісі келмейді. Бірақ Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Испаиняға гол айырмасы бойынша ғана есе жіберіп, Португалиямен ерте кездесуге мәжбүр болды. 

Португалия құрамасы мен Кака шәкірттерінің жолы бұған дейін де түйіскен. Пиренейліктер Қазақстан құрамасын 2021 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалында тоқтатқан. Аталған матч барша футзал жанкүйеріне ұнағаны анық. Ойын 2:2 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында Португалияның жолы болды – 4:3. Олар финалда Аргентина құрамасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Біздің құрама осы жолы есе қайтара ала ма?..

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы қазіргі әлем чемпионын матчтың фавориті санайды – Португалия құрамасының жеңісіне 1.47 коэффициент ұсынып отыр. Ал Қазақстан жеңіске жетеді дегенге – 4.65, ойын тең аяқталады дегенге – 5.50 коэффицент беріп тұр. Матчта гол көп соғылмауы мүмкін: тотал 4.5-тен көп дегенге – 2.17, аз дегенге – 1.61 коэффициент ұсынады. Қазақстан құрамасы бір таймда жеңіске жетеді деген бәске – 2.68, ал бір таймда да жеңе алмайды дегенге – 1.41 коэффициент ұсынып отыр.

Лео дисквалификацияға ұшырағанын ескерсек, бұл матч қазақстан үшін оңайға соқпайтыны анық. Бірақ Кака шәкірттерінің арасында мұндай жоғары деңгейдегі матчтарға қатысып жүрген тәжірибелі шеберлер көп. Бразилиялық маман өзін стратег ретінде таныта білген маман, ол тіпті минустың өзінен артықшылық табуға тырысады. Біздің құрама алпауыт қарсыласынан есе қайтардады деп үміттенеміз.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или