Ұшқыр бәйге: 2400 метрлік жарыста Қазақстан сәйгүліктері алғашқы үш орынды еншіледі

Ұшқыр бәйге: 2400 метрлік жарыста Қазақстан сәйгүліктері алғашқы үш орынды еншіледі

Дүниежүзілік көшпенділер ойынында ұшқыр бәйгеден 2 400 метр жеңімпаздары анықталды.

5 сәйгүліктің арасында алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді. Мәре сызығын алғашқы болып «Берил Рэйсер» кессе, екінші орынға «Адай» ие болды. Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді. 

1-орын: Берил Рэйсер, шабандоз әрі бапкері – Асланбек Байкенов. Ат иесі – Бахтияр Байзақов (Қазақстан). 

2-орын: Адай, шабандоз – Мырзабек Қаппышев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев. Ат иесі – Тілек Мұқанбетқалиев (Қазақстан). 

3-орын: Роузлайн, шабандоз әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов. Ат иесі – Қарабай КФХ (Қазақстан). 

Источник: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или