Қазақ боксшысының АҚШ-тағы жекпе-жегі нокаутпен аяқталды
1 қыркүйек, жексенбі күні таңертең қазақстандық Садриддин Ахмедов Санта-Йнезде (АҚШ) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол америкалық Антонио Тоддпен жұдырықтасты. Бұл Ахмедовтың АҚШ-тағы бірінші жекпе-жегі болды.
Айта кетейік, жекпе-жек бірінші орта салмақта өтіп, сегіз раундқа жоспарланған болатын. Қазақстандық бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Ахмедов кәсіпқой мансабындағы он төртінші жеңісіне қол жеткізсе, Антонио Тодд проф рингте он бірінші рет жеңіліске ұшырады.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или