Күрес түрлерінен жастар арасындағы әлем чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды
19-25 қыркүйек аралығында Иордания астанасында күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгі жастар арасында әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталған додада қазақстандық балуандар толық құрамда сынға түседі. Атап айтсақ, грек-рим, еркін және әйелдер күресінен жалпы 30 балуан ел намысын қорғамақ.
Грек-рим күресі:
45 кг. Дамир Әбілда
48 кг. Едіге Төлеутаев
51 кг. Ерасыл Мусан
55 кг. Алпамыс Болатұлы
60 кг. Досбол Шәміл
65 кг. Данияр Қанағатбек
71 кг. Марлан Бақаев
80 кг. Еркебұлан Анапия
92 кг. Әділет Тойшы
110 кг. Ұланқандас Өтегенов.
Әйелдер күресі:
40 кг. Жасмина Бакоева
43 кг. Әнел Бүркітбаева
46 кг. Медина Қуанышбек
49 кг. Фарида Әбдірахманова
53 кг. Мадхия Усманова
57 кг. Анна Стратан
61 кг. Жайдар Мұкат
65 кг. Ұлдана Тілеухан
69 кг. Кызжібек Жарқынбаева
73 кг. Ақбота Қадыр
Еркін күрес:
45 кг. Бекзат Амангелді
48 кг. Дамир Қали
51 кг. Ибрахим Ысқақбек
55 кг. Ералы Әскербек
60 кг. Бекасыл Асамбек
65 кг. Бақдаулет Әкімжан
71 кг. Әмір Оразбаев
80 кг. Бейбарыс Ерғали
92 кг. Раим Мәулетов
110 кг. Едіге Қасымбек
Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы аталған әлем біріншілігі 31 шілде мен 6 тамыз аралығында Стамбул қаласында өткен болатын. Онда отандастарымыз 1 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізді.