Қазақстан халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан халықаралық турнирде екі алтын медаль жеңіп алды

Бішкекте (Қырғызстан) Дүйшенкул Шопоковты еске алуға арналған халықаралық турнирдің финалында екі қазақстандық боксшы сынға түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

75 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Бақберген Әлиасқаров қырғызстандық Даниэль Абдурахмановпен алтын үшін жұдырықтасуы керек еді, бірақ ол жарыстан шығып қалды.

Осылайша қазақстандық боксшы жекпе-жексіз чемпион атанды.

86 келіге дейінгі салмақта финалда Аман Қазанқапов Азия чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері қырғыз боксшысы Еркін Адылбекуулумен кездесіп, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или