Нидерланды шабандозы Қытай Гран-приінде жеңіске жетті
«Ред Булл» шабандозы Макс Ферстаппен Қытай Гран-приінің спринтінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мерседес» шабандозы Льюис Хэмилтон екінші (+13,043) болды, «Ред Булл» командасының тағы бір шабандозы Серхио Перес (+15,258) үздік үштікті түйіндеді. «Астон Мартин» командасының шабандозы Фернандо Алонсо жарыстан кетті.
Бұл Ферстаппеннің спринттегі мансабындағы сегізінші жеңісі.
Формула-1. Қытай Гран-приі. Спринт.
1. Макс Ферстаппен («Ред Булл») — 19 айналым.
2. Льюис Хэмилтон («Мерседес») +13.043.
3. Серхио Перес («Ред Булл») +15.258.
4. Шарль Леклер («Феррари») +17.486.
5. Карлос Сайнс («Феррари») +20.696.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или