Құзға өрмелеуден Әлем Кубогында сынға түсетін Ұлттық құрама анықталды
12-14 сәуір аралығында Қытайдың Уцзян қаласында құзға өрмелеуден Әлем Кубогы өтеді, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Ұлттық құрама сапында Ришат Хайбуллин, Әмір Маймуратов, Тамара Олжабаева мен Бекнұр Алтынбеков сынға түседі. Барлығы жарысқа қиындық және жылдамдық санатында 31 мемлекеттен келген таңдаулы 235 спортшы қатысады.
Әлем Кубогының бағдарламасы мынадай:
12 сәуір
Қиындық және жылдамдық бойынша іріктеу
13 сәуір
Қиындық санатында жартылай финал
Жылдамдық бойынша финал
14 сәуір
Қиындық бойынша финал (әйелдер)
Қиындық бойынша финал(ерлер).
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или