Асхат Тағыберген елордалық клубқа ауысты
Асқат Тағыберген «Жеңіспен» келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Kozhakhmet_inside_official арнасына сілтеме жасап.
Бүгін таңертең Асхат Астанаға ұшып келіп, клубпен 2+1 схемасы бойынша келісімшартқа отырды. Тағыбергеннің трансфері үшін клуб 100 миллион теңге (200 мың еуро) төледі әрі келісімшартқа елордалық клубтың жас ойыншысы Рауль Аллавердиев қосылды.
Айта кетейік, Асхат отбасымен Астанада тұрады. Осы фактор келіссөздің сәтті аяқталуына септігін тигізді.
Қазақстан құрамасының капитаны жаңа командасында ойыншы әрі бапкер ретінде бақ сынамақ.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или