Александр Усик пен Тайсон Фьюридің қатысуымен өтетін бокс кешінің толық андеркарды жарияланды
Басты жекпе-жегінде украиналық Александр Усик пен ұлыбританиялық Тайсон Фьюри кездесетін бокс кешінің ұйымдастырушылары турнирдің толық кардын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Fightnews.info сайтына сілтеме жасап.
Кештің негізгі андеркартында аустралиялық Джей Опетайа мен Латвия өкілі Майрис Бриедис арасында реванш өтеді, онда IBF тұжырымы бойынша бірінші ауыр салмақтағы чемпиондық титул сарапқа салынады. Бұған дейін екінші жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы аустралиялық Джо Кордина ирландиялық Энтони Какаспен күш сынасады.
Сондай-ақ бокс кеші аясында келесі жекпе-жектер өтеді:
• Марк Чемберлент – Джошуа Вахаб
• Моисей Итаума – Илья Мизинцев
• Исаак Лоу – Хасибулла Ахмади
• Дэвид Ньика – Майкл Зейтц
Бокс кеші 18 мамырда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласындағы Kingdom Arena-да өтеді.