Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасындағы реванштың постері жарияланды

Еркебұлан Тоқтар мен Одилхон Камолов арасындағы реванштың постері жарияланды

Еуразиялық жекпе-жек лигасы қазақстандық актер әрі файтер Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен оның басты қарсыласы өзбекстандық Одилхон Камолов (3-2) арасындағы алдағы реванштың постерін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Айта кетейік, бұл қарсыластар арасындағы алғашқы жекпе-жек 2022 жылы жазда өтті, ол кездесуде өзбекстандық файтер үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңіске жеткен. 

Айта кетейік, бұл жекпе-жек 10 наурызда Алматыдағы OCTAGON 56 турнирі аясында өтеді.

Кештің бас жекпе-жегінде ұйымның қазіргі чемпионы қазақстандық Керим Даидов (9-0) пен өзбекстандық «уақытша» белбеу иегері Ислом Болтаев (4-2) кездеседі.

Өзбекстандық спортшы Prosports.kz сайтына берген сұхбатында қазақстандықтың жеңіліссіз статистикасын бұзуға тырысатынын айтты.

OCTAGON 56 турниріне билетті zakazbiletov.kz сайтынан алуға болады

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или