Зарина Раифова пара дзюдодан Гран-при турнирінде алтын алды

Зарина Раифова пара дзюдодан Гран-при турнирінде алтын алды

Германияның Гейдельберг қаласында пара дзюдодан өткен Гран-при турнирі қазақстандықтар үшін табысты аяқталды.

Қазақстан пара дзюдо федерациясынан мәлім еткеніндей, жарыстың соңғы күні Зарина Раифова J2 санаты бойынша +70 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанды.

Қазақстандық парадзюдошы финалда кубалық қарсыласын вазари әдісімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ Аяла Мереке дәл осы санатта 70 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасында Жұқамырза Шүкірбеков J2 санаты бойынша +90 кг салмақта үздік үштікке ілікті.

Осылайша, Қазақстан құрамасы Гран-при жарысында барлығы 5 медаль жеңіп алса, оның екеуі – алтын, үшеуі – қола.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или