Елордадағы жеңіл атлетикадан өтетін турнирге үш елден 120 спортшы қатысады

Елордадағы жеңіл атлетикадан өтетін турнирге үш елден 120 спортшы қатысады

21 қаңтарда Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде әуесқойлар арасында жеңіл атлетикадан INDOOR RUN ASTANA 2024 турнирі өтеді. 

Қала әкімдігінің мәліметінше, турнирде спортшылар 1 000 м, 1 миль, 2 000 м, 3 000 м жүгіру, эстафеталық жүгіру (микст) және нокаут жарысынан сынға түседі. 

Жарысқа қатысуға Ресей, Ұлыбритания және Қазақстаннан 120-дан астам әуесқой спортшы өтінім берді.

Сондай-ақ спорт бәсекесіне зияткерлік даму ерекшеліктері бар адамдарға арналған спорт федерациясының командасы да қатысады.

Айта кетейік, турнирдің ашылу салтанаты сағат 09.45-те басталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или