Қазақстандық боксшы Еревандағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Қазақстандық боксшы Еревандағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты

16 жастағы қазақстандық боксшы Нығман Нығмет Ереванда (Армения) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

48 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Нығмет түрікменстандық Санжар Хамраевпен кездесіп, оны 4:1 есебімен жеңді.

Осылайша, Нығман Нығмет әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Айта кетейік, ай басында Астанада өткен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында да өнер көрсетіп, қола жүлдегер атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или