Майк Тайсон Ташкентке келді

Майк Тайсон Ташкентке келді

Әйгілі боксшы Майк Тайсон бүгін Өзбекстан астанасы Ташкент қаласына келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

Айта кетейік, бұл күндері Ташкентте WBC ұйымының 61-ші конвенциясы өтіп жатыр. Бұл шара Орталық Азия елдері арасында Өзбекстанда алғаш рет өткізіліп отыр.

Майк Тайсон қазір осы конвенциясы аясындағы шарада. 

17 қарашада Humo Arena-да үлкен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оған Майк Тайсон, Александр Усик, Эвандер Холифилд және өзге де атақты былғары қолғап шеберлері қонақ ретінде қатысады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или