17 жастағы қазақстандық садақшы 2023 жылғы Азия чемпионы атанды
Садақ атудан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі Андрей Тютюн Бангкок қаласында (Таиланд) өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.
Ақмола облысының 17 жасар садақшысы ақтық жарыста Оңтүстік Корея спортшысы Ким Джонходан басым түсті. Олар құрама садақ ату бағдарламасы бойынша сайысқа түсіп, жеңіс қазақстандық спортшыға бұйырды (146:144). Андрей ауа-райының қолайсыздығына қарамастан дәл көздеп, Азия чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды.
9 қарашада қазақстандық садақшылар тағы екі финалда өнер көрсетті. Бұл додада Виктория Лянның қола жүлде алуға мүмкіндігі болды. Бірақ, өкінішке қарай, медальді Тайпейден келген қарсыласы Хуанг Ай-Ю жеңіп алды.
Командалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы жарыста Оңтүстік Корея құрамасынан жеңіліп, күміс медальға ие болды.
Ерлер командасы классикалық садақ атудан да екінші орынды иеленді. Бұл жарыста да Оңтүстік Кореяның садақшылары тағы үздік болды.