ҚФФ-ның әдеп кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді
Астанадағы футбол үйінде Қазақстан футбол федерациясы Атқару комитетінің кезектен тыс отырысы өтті.
Отырыстың күн тәртібінде Қазақстан футбол федерациясының әдеп кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, футбол клубтарын турнирге қатысуға лицензиялау ережелері, футболдан әйелдер арасындағы жарыстардың қорытындысын бекіту және тағы басқа мәселелер қаралды.
Бекітілген күн тәртібіне сәйкес атқару комитеті ҚФФ әдеп кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және оны жаңа редакцияда бекіту туралы шешім қабылдады.
Сонымен қатар 2023 жылғы маусымдағы футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының қорытынды есебін бекіту туралы шешім шығарылды. Сондай-ақ биылғы маусымға арналған футболдан 19 жасқа дейінгі жас санатындағы қыздар арасындағы Қазақстан чемпионатының қорытынды есебі бекітілді.