Боксшы Махмұд Сабырханның інісі әлем чемпионатының финалына шықты

Боксшы Махмұд Сабырханның інісі әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан жастар арасында өтіп жатқан бокстан Әлем чемпионатының ақтық сынына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына<span> сілтеме жасап. </span>

<span>Жартылай финалдық бәсекеде Төрехан Сабырхан 63,5 салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, Иорданиялық Омар Әл Хадидиден айласын асырды. Отандасымыз үш раунд қорытындысы бойынша айқын басымдылықпен жеңіске жетті. </span>

<span>Осыған дейін Төрехан Сабырхан алғашқы айналымда Иран елінің боксшысы Сейедалиакбар Мирахмадибабахейдариді мерзімінен бұрын жеңген болатын. </span>

<span>Айта кетейік, Астана қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалдық кездесулері 2-4 қараша аралығында өтеді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или